Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК “Айналайын” бөбекжайы бос орындарға КОНКУРС жариялайды.
Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9 қабылданады.
+7 (710) 241-04-54
det_sad2@mail.ru
Логопед
Логопед білуге міндетті:
– ҚР Конститутциясы, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы тіл туралы», «ҚР баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарын, білім беру ұйымының Жарғысы (оның ішінде Ішкі тәртіп ережелері, осы лауазымдық нұсқаулық) және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді:
– мемлекеттік мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті білім беру стандартын:
– педагогика мен жас ерекшелік психологиясын;
-тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
– оқу бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптері мен тәртібін:
– педагогикалық жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін анықтау,қорытындылау және енгізу әдістемесін:
– балалардың медициналық-психологиялық-педагогикалық және анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін және жүйелік-психикалық қызметін:
– әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін:
– оқытудың аудиовизуальды және интерактивті құралдарына қойылатын негізгі талаптарды:
– еңбек туралы заңнама негіздерін:
– еңбек қорғаудың,қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын:
– Санитарлық ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері:
.
2.1.Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерге психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың құрылымы мен байқалу деңгейін анықтайды.
2.2.Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, тәрбиеленушілермен топта және жеке жұмыс істеп, бұзылған функцияларын қалпына келтіріп, баланың әлеуметтік ортаға қалыптасуына көмек береді.
2.3. Ерекше білімді қажет ететін балалармен қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.
2.4.Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарға, ата-аналарға немесе олардың орнына қараушы адамдарға арнайы әдістерді қолдануда кеңес беріп, көмек берудің жолдарын қарастырады.
2.5.Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай алуан түрлі әдістерді, формаларды пайдалана отырып тұлғаның жалпы мәдениетінің дамуына әсер етеді. Арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.
2.6. Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгеруі тиіс.
2.7.Ерекше білімді қажет ететін балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.
2.8.Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1)” мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы”ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)” Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы ” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру білім беру ұйымының сайтында және Instagram, Facebook парақшаларында жарияланған сәттен бастап 5 күн ішінде электронды түрде немесе қағаз тасығышты келесі мекен- жайында Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9 қабылданады.