Хабарландыру!!!
Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК “Айналайын” бөбекжайы бос орындарға КОНКУРС жариялайды.
Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9 қабылданады.
+7 (710) 241-04-54
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі
Жалпы ережелер
1.1.Тәрбиеші лауазымына техникалық және кәсіби білімі бар (арнаулы орта, кәсіби орта) тиісінше педагогикалық мамандығы немесе жоғары педагогикалық білімі, медициналық қорытындысы бар тұлғалар қабылданады.
1.2.Тәрбиеші директорға бағынады.
1.3.Тікелей әдіскердің басшылығымен жұмыс жасайды.
1.4.Лауазымына директордың бұйрығымен тағайындалады және босатылады.
1.5.Өз жұмысында нормативтік құжаттарды, осы лауазымдық нұсқаулықты және ішкі еңбек тәртібі ережелерін басшылыққа алады.
1.6.Жұмыс аптасының ұзақтығы- 30 сағат.
1.7.Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы-56күнтізбелік күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алуға құқылы, сонда-ақ ҚР еңбек кодексінде және басқа да заңнамалық актілерде қарастырылған құқықтарды пайдаланады.
1.8.Еңбек тәртібін сақтайды.
1.9.Тәрбиеші білуі тиіс:
– ҚР Конститутциясы, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы тіл туралы», «ҚР баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарын, білім беру ұйымының Жарғысы (оның ішінде Ішкі тәртіп ережелері, осы лауазымдық нұсқаулық) және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді:
– мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
– педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін;
– тәрбие жұмысының териясы мен әдістемесін;
– еңбек туралы заңнамалар негізін;
– еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын;
– санитарлық ережелер мен нормаларды.
2. Лауазымдық міндеттері
2.1.Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспалық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын, психологтың нұсаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады.
2.2.Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.
2.3.Білім алушылардың күн тәртібінің, үй тапсырмасының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады.
2.4.Қосымша білім алуда және демалысты ұйымдастыруда, оқутуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми-техникалық шығармашылыққа, спорт секцияларына, үйірмелерге тартады.
2.5.Оқу іс-әрекетінен тыс уақытта білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
2.6.Тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.
2.7.Медицина қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психо-физикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың білім беру ұйымында оқу іс-әрекетінен тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады.
2.8.Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді.
2.9.Ата-аналарымен және тәрбиеленушілердің басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.
2.10.Топтағы бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді.
2.11.Тәрбиеші көмекшісінің жұмысын басқарады.
Тиісті санатты алу үшін жауапкершілікті анықтайтын біліктілік талаптары:
1) “педагог” (санаты жоқ): санаты жоқ қазақ, орыс тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ: бағдарламалық материалдың мазмұнын білуі, мектепке дейінгі тәрбие әдістемесін білуі, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыруы, шеберлік пен дағдылардың даму деңгейіне диагностика жүргізуі, мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік жұмысына қатысуы, инновациялық тәжірибені зерделеуі тиіс, баланы дамытудың пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын ресімдеуге қатысу, ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру, тәрбиеленушілердің жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, білім беру ұйымдары деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін ескере отырып тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану.
2) “педагог-модератор”; Санаты жоқ “педагог” санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс: бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білу;инновациялық әдістемелер мен технологияларды қолдану, әр түрлі жастағы топтарда шеберлік пен дағдылардың даму деңгейіне диагностика жүргізу, мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік жұмысына қатысу, білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестерде сөйлеу, баланы дамытудың пәндік-кеңістіктік дамытушылық ортасын қайта құруға белсенді қатысу, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу, білім беру ұйымдарында кәсіби біліктілігін арттыру, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1)”мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы”ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)” Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы ” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру білім беру ұйымының сайтында және Instagram, Facebook парақшаларында жарияланған сәттен бастап 5 күн ішінде электронды түрде немесе қағаз тасығышты келесі мекен- жайында Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9 қабылданады.
+7 (710) 241-04-54